empty
 
 

Графиктің одан кейінгі бағытын түсінуге графикалық талдаудың негізгі фигураларының бірі — «Жалау» көмектеседі. Жаңадан келгендер мен мамандар осы фигураға әр түрлі қарайды. Егер алғашқылары үшін Жалаудың пайда болуы нарықтың флетке өтуін білдірсе, екіншілері үшін бұл ең алдымен, баяулау, одан кейін, әдетте, трендтің сол күшпен әрі қарай жалғасуы байқалады. Бұл ретте, бағаның қандай бағытта қозғалғаны мүлде маңызды емес. Жалау өсу барысында да, құлдырау кезінде де түзіледі.

Осы фигураның қалыптасуының басты принциптерін қарастырамыз:

  • қарқынды төмендеу немесе бірнеше сессия барысында бірден өсу;
  • әрі қарай диапазоны тар әрі бүйірлі арнасының шекарасы айқын флеттік қозғалыс байқалады. Флет керемет жалауда алдыңғы қозғалыстан аздап қарама-қарсы жағына бағытталған. Бұл маңызды мәселе, себебі егер ол сол жағына қарай жүрсе, трендтің жалғасуын емес, бұрылысты күту керек болады.
  • осындай кезде фигураны индикатор ретінде қарастырмай, немесе sell stop/buy stop болжамды тоқтату деңгейінен барынша алыс қою керек;
  • түзілген флет арнасының шекарасын белгілеңіз. Бағаның одан әрі қозғалысын болжау үшін, соңғы көтерілудің немесе құлдыраудың ұзындығын алыңыз да, диапазон шетінен дәл сонша өлшеп алыңыз. Алынған нүкте график қозғалысындағы келесі «аялдама» болмақ ;
  • енді осы кесіндіні үшке бөліңіз, оның 30% кіру нүктесі, ал 70% — позицияны жабу нүктесі болады.

Осындай әрекеттердің графикалық анализдың барлық фигураларына қолайлы екенін айта кету керек. Кейбір трейдерлерді болжамды пайданың едәуір бөлігінен айырылу мәселесі мазалайтынына қарамастан — бұл тәсіл өзін-өзі толық ақтайды.

Нарықтың болжап болмайтын фактісін ескерсек, тіпті ең сенімді графикалық модельдер де сенімді ақтай бермейді. Сондықтан біз аталған тәсілмен әрекет етуге кеңес береміз. Жоғалған пайданың алғашқы 30% жалған үміттен, ал екінші 30% — фигура толық жұмыс істемеген жағдайдан сақтандырады.

Егер күтілетін пайдадан 70% жеткен кезде бағаның одан арғы қозғалысы туралы айқын 2-3 сигнал пайда болса, әрдайыммәмілені ашық қалдыруға болады.

Соңында Жалаудың қалыстасуы алдындағы күрт көтерілу қандай маңызды жаңалықтың пайда болуымен байланысты екеніне көңіл аударғым келеді. Ал бұл пысықтау ықтималдығының айтарлықтай төмендейтінін білдіреді. Сондықтан, саудада Жалауға бағдарлана отырып, ол қалыптасқан себептерін мұқият қарап шығыңыз.

Өзекті паттерндер

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.